"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"КММ "Соколов арнайы мектеп-интернаты" КММ
Ресми интернет-ресурс

Мекеме туралы

«Соколов арнайы мектеп-интернаты» КММ арнайы бағдарламалар бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Ол 1963 жылы тамызда құрылған. Жобалық сыйымдылығы – 144 оқушы.

Мемлекеттік мекеменің қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы», "Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы мемлекеттік мекеменің мемлекеттік басқару органы болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің толық атауы: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Соколов арнайы мектеп – интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: 150713 СҚО Қызылжар ауданы Соколовка ауылы, Школьная көшесі, 1.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметі ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді кешенді психологиялық-педагогикалық түзету және оңалтуды қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаты:

  • Жоғалған функцияларды қалпына келтіру;
  • Бастапқы және қайталама бұзылуларды түзету;
  • Сақталған анализаторлардың функцияларын дамыту және оңалтуға ықпал ететін компенсаторлық дағдыларды қалыптастыру;
  • Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік-еңбекке бейімделуі және қоғамдағы интеграциясы.

Даму кемшіліктерін түзетуге және өтеуге бағытталған негізгі мақсаттар мен міндеттер оқушының танымдық мүмкіндіктерін арттыруға, моториканың, эмоционалды — еріктік саланың, мінез-құлықтың бұзылуын түзетуге, оқушыларды бағдарламалық материалды және әртүрлі жұмыс түрлерін игеру үшін қоғамдағы өмірге дайындауға педагогикалық жағдай жасайды.

Оқу-тәрбие процесі баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық және клиникалық зерттеу деректеріне негізделген сараланған және жеке тәсілдер қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Балалардың сөйлеу ерекшеліктерін, зейінін, жұмысқа деген қабілеттілігін, олардың даму динамикасын, білім деңгейін, мүмкіндіктерін және оқу материалын игеру ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеу білім алушының даму перспективасын анықтау және түзету жұмыстарын таңдау үшін жүргізіледі.

Барлық балалар мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілген, оқу жылы бойы интернатта тұрады. Мектеп-интернат 5 күндік жұмыс аптасында жұмыс істейді. Сабақтар бірінші ауысымда өтеді, күннің екінші жартысында балалардың қызығушылықтары бойынша үйірмелер жұмыс жасайды.

Мектепке оқушыларды қабылдау ОПМПК қорытындысы, білім бөлімінің жолдамасы немесе ата-анасының өтініші негізінде жүзеге асырылады. Мектеп-интернатта облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласынан келген оқушылар оқиды.

Білім беру және тәрбие қызметін 25 педагог жүзеге асырады. Бұл әркімнің өзін-өзі көрсетуге, оқыту мен тәрбиелеудің оңтайлы формалары мен әдістерін таңдауға мүмкіндігі бар пікірлестердің мобильді, шығармашылық ұжымы.

Мектеп-интернаттың педагогикалық ұстанымы С. А. Назарбаеваның «Бөтен бала болуы мүмкін емес!» - деген сөзі.